Жамбылдағы мектепте еден жуушының айлығын басшылар алып жүр

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Балалар шығармашылығы орталығының қызметкері Мадина Майрықованың видеоүндеуі тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Майрықова мекеме басшысы Еркін Сайлауұлын айыптап, Президенттен көмек сұрайды.
Өз сөзінде ол директордың жұмыс уақытында қызметкерлерді таныстарының үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасауға, шөп жұлуға мәжбүрлейтінін айтады. Сонымен қатар, Майрықова жұмысқа орналасқаннан бері басшысы айлығының 50 пайызын үнемі алып отырғанын мәлімдеді.
Әйел 2022 жылдан бері осы мекемеде еден жуушы, кейіннен вахтер болып жұмыс істегенін атап өтті.
Бұл видеоны заңгер Бибарыс Пәтеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
@advokat_pateiev Жамбыл облысында мектепте еден жушының айлығын басшылар алып отыр! ▪️Мен Майрыкова Мадина Майданбековна 2022 жылдың 2 желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының Балалар шыгармашылығы және тәрбие орталағында кіші қызметкер-еден жуышы болып жұмысқа орналастым. Бір жылдан соң мен вахтерлыққа ауыстым. 2024 жылдың қантар айынан бастап маған орталық басшысы Еркін Сайлауұлы қысым көрсете бастады. Құрмаетті Қасым Жомарт Кемелұлы Сізге осы Жамбыл облысы Байзақ ауданында ДЮТС мекетбінің директоры Еркін Сайлаулының өзінің лауамзымын асыра пайдаланып бізді жұмыс уақытында өзінің таныстарының ұйлерінде шөп жұлу тазалау ремонт жасау бойынша мәжбүрлі түрде жұмыс жасатуын және менің айлығымның жұмысқа орналасқалы 50 пайызынн алып отырған туралы жеткізгім келеді 📝Келесі бейне жазбаларда менде қолымда бар барлық дәлелдемелерді әлеуметтік желіге салатын боламын.
♬ оригинальный звук - advokat_pateiev
Соңғы жаңалықтар





