Жаңадан жөнделген Сәтбаев–Жезді жолы тұрғындардың сынына ұшырады (ВИДЕО)
Ұлытау облысында орналасқан Сәтбаев–Жезді автожолы әлеуметтік желі қолданушыларының сынына қалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тұрғындар жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдың сапасына наразылық білдіруде. Әлеуметтік желілерде тараған фото және бейнематериалдарда жол жабынының кейбір бөліктері бүлініп, жарықтар пайда болғаны байқалады. Желі қолданушыларының пікірінше, жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілгендіктен, жаңартылған жол қысқа уақыт ішінде қайтадан тозып үлгерген.
Тұрғындар жол құрылысына бөлінген қаржының тиімді игерілуіне күмән келтіріп, жауапты мекемелерден түсініктеме талап етуде. Сондай-ақ олар жөндеу жұмыстарын қабылдап алған мамандардың әрекетіне қатысты сұрақтар көтерген.
Пікір қалдырушылардың бір бөлігі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясын да сынға алып, жол сапасына тиісті бақылау жүргізілмегенін айтуда. Олардың сөзінше, егер қабылдау кезінде сапа талаптары мұқият тексерілген болса, мұндай жағдай орын алмас еді.
Қазіргі уақытта аталған мәселеге қатысты ресми органдардың түсініктемесі жарияланған жоқ. Тұрғындар жауапты мекемелерден жолдың техникалық жағдайына тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді мердігер компания есебінен қайта қалпына келтіруді талап етуде.
Соңғы жаңалықтар