«Жаным қырық бөлінсе де, тік тұрамын»: Наркенже Серікбаева өмірдің мәні туралы жазба қалдырды

22.01.2026 13:47 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Жаным қырық бөлінсе де, тік тұрамын»: Наркенже Серікбаева өмірдің мәні туралы жазба қалдырды
199
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі әсерлі жазбаларымен көпшіліктің көңілін толқытты, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иесі аналық жауапкершіліктің салмағын жүрекке жетер сөзбен жеткізді. Оның айтуынша, қандай күй кешсе де, ана ретінде мықты болу – басты міндет.

«Жан дүнием қырық бөлініп кетсе де, келесі күні қайта тік тұруға тиіспін. Себебі мен  анамын», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ тағы бір жазбасында Наркенже өмірдің өткіншілігі мен әр күннің мәніне тоқталды.

«Бұл дүние – сынақ пен сабақ. Әр күн  берілген мүмкіндік. Дүние өтеді, ал жүректе қалған із ғана мәңгі», – деді ол.

Желіде жарияланған бұл жазбалар оқырмандардың кең қолдауына ие болды. Көпшілік өнер иесіне жылы лебізін білдіріп, ризашылығын жасырмады.

«Сізден алар өнеге көп», «Жақсы көретін әншім», «Мойындаған талант иесі», «Тіл-көзден аман болыңыз», «Мықты әйелсіз, кім не десе де сізді жақсы көреміз», «Жүз жасаңыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий