Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жасар қыз тоққа түсіп, көз жұмды

14.07.2026 11:28 Әсел МҰРАТ
Жаркентте мектеп ауласында ойнап жүрген 10 жасар қыз тоққа түсіп, көз жұмды
172
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысының Жаркент қаласында мектеп аумағында болған қайғылы оқиға болды. Бесінші сынып оқушысы электр тогына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай 9 шілде күні мектептің ауласында болған. Ойын кезінде қыз бала есігі құлыпталмаған трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кетіп, электр тогының соққысына ұшыраған.

Оқушы ауыр халде Жаркент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Алдын ала медициналық қорытындыда өлімнің себебі электр тогынан алған жарақат екені көрсетілген.

Белгілі болғандай, марқұм 10 шілде күні 10 жасқа толуы тиіс болған.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету немесе жұмыстарды жүргізу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Қазіргі уақытта тергеу барысында нысанның қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауда.

Сонымен қатар осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданған.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмейді. Қылмыстық істің тергелуі полиция басшылығының бақылауында.

Войдите, чтобы оставить комментарий