«Жеке басқа өтпеңіздер»: Аида Балаева журналистерге ескерту жасады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрылтай депутаттарының тұрғын үй мәселесіне қатысты пікірталастар аясында медиасала өкілдеріне үй беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрдің айтуынша, соңғы күндері Құрылтайдың бірқатар депутаттарына, соның ішінде тұрғын үй мәселесіне байланысты түрлі негізсіз пікірлер мен әдепке сай емес сөздер айтылып, буллингке ұласқан жағдайлар байқалған.
Аида Балаева журналистерді тұрғын үй мәселесіне қатысты ақпаратты дұрыс түсіндіруге шақырды.
«Алғашқы жылдары журналистерге пәтер редакциялар қалыптастырған тізім бойынша берілді. Кейінгі жылдары және қазіргі уақытта тұрғын үй саласындағы қолданыстағы ережелерге сәйкес, баспанасы жоқ медиасала қызметкерлеріне ғана беріледі», – деп жазды министр.
Ол сондай-ақ түсініспеушіліктің алдын алу үшін мемлекеттік органдар мен Құрылтай депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына мүмкіндігінше қажетті түсініктеме беріп отыруы керек екенін атап өтті.
Сонымен қатар министр журналистерді кәсіби этика нормаларын сақтауға шақырды.
«Қудалау, жеке басқа өту, манипуляция жасау және қызыл тақырып үшін әдейі арандату – кәсіби журналистің абыройын асырмайды», – деді Аида Балаева.
Соңғы жаңалықтар