Жемқорлық туралы сериал шабуылға ұшырады: «Offside» сериалының бірінші бөлімі YouTube-тан жойылды

Жемқорлық туралы сериал шабуылға ұшырады: «Offside» сериалының бірінші бөлімі YouTube-тан жойылды
16.10.2025 19:08
0
89
«Offside» сериалынан кадр

Спорттағы жемқорлықты әшкерелеген сериалға шабуыл жасалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астана. 16 қазан. Танымал Sәlem Entertainment медиакомпаниясының спорттағы жемқорлықты сынаған жаңа туындысы кибершабуылға ұшырады. Бүгін, 16 қазан күні, танымал «Пацанские истории» YouTube арнасына жаппай бот-шабуыл жасалған. Соның салдарынан кеше ғана жарық көрген «Offside» сериалының алғашқы бөлімі платформадан толықтай жойылды.

Шабуыл мұнымен шектелмеген. Сериал авторы Рүстем Омаровтың жеке Instagram парақшасы да бұғатталды. Бұл оқиға жобаның өткір тақырыбына байланысты қасақана жасалған әрекет болуы мүмкін деген болжамдарға жол ашты.

Қазіргі уақытта Sәlem Entertainment командасы арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жобаның көрсетілімін жалғастыру үшін барлық қажетті шараларды қолға алып жатқанын хабарлады.

«Offside» сериалы – Sәlem Entertainment студиясының 2025 жылы шыққан жаңа спорттық драмасы. Туындының ортасында қазақстандық футболдағы жемқорлықпен және келісілген матчтармен күресетін футбол бапкері Ерлан Омаровтың оқиғасы баяндалады. Ірі спорттан қуылған ол, жүйені ішінен өзгертуге тырысып, бірінші лигадағы команданы адал ойын шартымен жаттықтыруға келіседі. Сериал спорттағы жемқорлық мәселесін өткір көтеріп, бір адамның әділетсіздікке қарсы күресін көрсетеді.

Айта кету керек, сериалдың премьерасы кеше ғана, 15 қазанда «Пацанские истории» YouTube арнасында өткен болатын. Шабуылдың премьерадан кейін бірден жасалуы оның кездейсоқ еместігін аңғартады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий