Жеңіл жүрісті қыздардың жеңгетайының тізімінен елге танымал шенеуніктер табылды

Жеңіл жүрісті қыздардың жеңгетайының тізімінен елге танымал шенеуніктер табылды
19.02.2025 09:26
0
468
pixabay.com

Ақтөбе қаласында жеңіл жүрісті қыздардың жеңгетайының тізімінен елге танымал шенеуніктер табылды. Қаланың әйгілі түнгі клубтарының бірінің әкімшісіне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Полиция күдіктінің ауқатты адамдарға эскорт қызметін көрсету үшін модель қыздарды жалдағаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Тергеу нәтижесінде күдіктінің "клиенттерінің" тізімі табылған. Тізімде қаладағы танымал кәсіпкерлерден бөлек, әкімдік қызметкерлері мен шенеуніктер де бар.

Тізімдегі тұлғалардың барлығы тергеу барысында куәгер ретінде сұраққа тартылып жатыр. Олар тергеушілерге жеке қарым-қатынастарының егжей-тегжейін ашып айтуға міндетті. Алайда кейбір шенеуніктер нақты деректерді көрсетпей, бүркеншік атпен жауап беруді сұрап отыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу барысын растады. Департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов мәлімдеме жасады:

"Ақтөбе қаласының полиция басқармасы жезөкшелікпен айналысу, сондай-ақ жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде", – деді Ерболат Сарқұлов.

Бұл оқиға Ақтөбедегі қоғам мен билік арасындағы сенімділік мәселесіне назар аудартады. Тергеу жалғасуда, ал шенеуніктер мен кәсіпкерлердің аты-жөні мен олардың іс бойынша рөлі алдағы уақытта анықталатын болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий