Жер бетіндегі жалғыз екі аяқты періште сен екенсің ғой – Ырысбала Икрамбай

Жер бетіндегі жалғыз екі аяқты періште сен екенсің ғой – Ырысбала Икрамбай
01.09.2025 20:33
0
279

Блогер Ырысбала Икрамбай өзін тексеруде талап етіп жүрген ақтөбелік сынықшы Бағдагүлге үн қатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Елдің бәрі сенен қорқады деп ойлайсың ба? Құдайдың қолын ұстап тұр ма едің? Біріншіден, көп халықтың бірі ғой, шешем жасты қатын екен деп сыйладым. Ақтөбені су басқан кезде ешқандай халықтан бір тиын жинамай, екі фура көмек жіберген жалғыз блогер мен едім. Оны міндетсінбеймін. Сен үшін жасаған жоқпын, мені қолдаған ақтөбеліктер үшін жасадым. "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" дейді. Ем жүргізетін адамның тұла бойы рухани таза болу керек емес пе? Сенікі сияқты негатив, ірің, құсыққа толмай. Сиыр сипағанды, санасыз сыйлағанды білмейді дегендей үндемеген сайын басыма шығып, ты*айын дедің ғой. Мені асырап алып па едің? Халыққа пайдасы тиіп жүрген кісі ғой дедім, шешеммен жасты екен дедім. Бірақ енді болды, айналайын! Шықпаймын ал! Не істейсің? Керемет шығарсың! 100 отбасы баспаналы болғанда соның біреуіне 1 тиын қосқан болсаң кел де соны менен талап ет. Айдалада отырып алып шәңкілдеген иттердің соңынан ере берме, – дейді блогер. 

Оған қоса, блогер ешкімнің ақылына мұқтаж емес екенін айтты. 

Жер бетіндегі жалғыз екі аяқты періште сен екенсің ғой. Тікелей эфирде жөніңмен отырып, бәрін жамандай бер. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Ақыл айтатын жетім емеспін. Елім, халқым, оқырмандарым бар. Мені қолдап көретін, ақ батасын беретін жандардан осы сөздерім үшін кешірім сұраймын. Өле қал өзіңнің қызыңмен жасты қыздан сөз естіп отырған. Өзің келіп тиісіп отырсың. Айтарымды айттым, – деп сөзін түйіндеді Ырысбала. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий