Жетісу облысында бір адамнан метапневмовирус анықталды

Жетісу облысында бір адамнан метапневмовирус анықталды
06.01.2025 21:13
0
128
istockphoto

Жетісу облысында вирустық жұқпаларға тексерілген 87 адамның 28-і оң нәтиже көрсетті. Оның ішінде 1 адамнан қауіпті вирус саналатын метапневмовирус анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы күнделікті мониторинг жүргізіледі. Облыс бойынша 2024-2025 жылдар аралығындағы эпидмаусымда 50 мыңға жуық ЖРВИ тіркелді. Оның 70%-ға жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға төмен.

– Тұмау жұқпасының А (H1N1 09-pdm) – 18, В тұмауы – 12 жағдайы анықталды. Тұмауға жатпайтын жұқпаларға зерттелген 87 үлгінің 28-і оң нәтиже берді. Оның ішінде Риновирус – 13 , Короновирус – 7, Парагрипп – 3 , Бокавирус – 2 , Метапневмовирус – 1 , Аденовирус – 1 , РС вирус – 1, – деді Жетісу облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или