Жезқазған байыту фабрикасы жаңа Конституция жобасын қолдады

05.03.2026 10:36 Әсел Мұрат
Жезқазған байыту фабрикасы жаңа Конституция жобасын қолдады
41
Фото: Sputnik

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жезқазған байыту фабрикасының ұжымы 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдумға шығарылатын жаңартылған Конституция жобасын қолдайды, деп хабарлайды Politico.kz.

Фабриканың жұмысы айқын қағидалар мен жеке жауапкершілікке негізделген. Әр жұмыскер өз телімін біледі. Әркім өзіне жүктелген міндетті жақсы түсінеді. Үдерістер жүйелі әрі дұрыс жолға қойылған кезде, кәсіпорын тұрақты жұмыс істейді.

Фабрика жұмыскерлері дәл осы қағидаттардың ел үшін де аса маңызды екенін айтады. Баршаға бірдей әрі түсінікті ережелер тұрақтылықтың негізін қалайды. Әр деңгейдегі жауапкершілік жүйені берік әрі сенімді етеді. Өнеркәсіптік кәсіпорын үшін бұл ұстанымның маңызы айрықша. Тұрақты құқықтық орта дамуды жоспарлауға, өндірісті жаңғыртуға және алдағы жылдарға батыл жоспар қойып жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Біз күн сайын тәртіп пен ережені сақтау ортақ нәтижеге қалай әсер ететінін көріп жүрміз. Ереже баршаға бірдей жұмыс істеген кезде, сенім пайда болады», – дейді фабрика жұмыскерлері.

Олардың пікірнше, жаңартылған Конституцияның жобасын қолдау – ұжымның саналы ұстанымы. Бұл – тұрақтылық, тәртіп және даму жолындағы таңдау.

Жезқазған байыту фабрикасы – өндірістік тізбектің маңызды буыны. Әр ауысым сайын фабрика цехтарында мыңдаған тонна кен өңделіп, жоғары сапалы мыс концентратына айналады. Дәл осы жерде болашақ металдың сапасы қалыптасады. Фабриканың жұмысы жоғары кәсіби біліктілікті және технологиялық талаптардың қатаң сақталуын қажет етеді. Жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуі, өндірістік үдерістердің дәлдігі мен еңбек тәртібі түпкілікті нәтижеге тікелей әсер етеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий