Жезқазған мыс балқыту зауытының ұжымы жаңа Конституция бойынша өтетін референдумды қолдады

28.02.2026 20:25 Арман Ермеков
Жезқазған мыс балқыту зауытының ұжымы жаңа Конституция бойынша өтетін референдумды қолдады
1
Фото: «Қазақмыс корпорациясы»

«Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған мыс балқыту зауытының ұжымы 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Кәсіпорын қызметкерлері өндірістегі әрбір жұмысшының еңбегі қаншалықты маңызды болса, мемлекеттің ортақ болашағын айқындауда да әр азаматтың үлесі соншалықты зор екенін алға тартты. Олардың пікірінше заңдылық пен әділдікке және адам құқығын құрметтеуге негізделген жаңа Ата заң жобасы елдің әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады.

«Біздің ұжым үшін референдум – формалды шара емес, саналы таңдау. Біз елдің ертеңі қалай болатыны әрбір азаматтың белсенді қатысуына байланысты екенін түсінеміз. Жауапкершілік, белсенділік және мықты ұстаным – бұл біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алатын қағида», – деді кәсіпорын қызметкерлері.

Зауыт жұмыскерлері белсенді азаматтық ұстанымды мемлекеттік институттарға деген сенімнің ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, бұл саяси науқанды болашақ ұрпақтың өмір сапасын жақсартатын құқықтық базаны қалыптастыру мүмкіндігі деп бағалайды. Олардың бұл таңдауы ұжымның азаматтық көзқарасымен қатар әр адамның еңбегін құрметтеуге негізделген корпоративтік құндылықтарды да айқындай түседі. Осыған байланысты мыс балқыту зауытының қызметкерлері барлық қазақстандықтарды алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бірлесе үлес қосуға шақырды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий