"Жігіттің ата-анасы шешеді": Жазира Байырбекова қалың малға қатысты пікірін айтты

20.04.2026 10:47 Мөлдір Талғат
81
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова қалың мал мәселесіне қатысты ойын ашық айтып, қоғамдағы талқылауға жауап берді, деп жазады Politico.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл тақырыпқа қатысты нақты қағида ұстанбайды. Сонымен қатар ол құдалар арасында ешқандай келісім болмағанын атап өтті. Әнші үшін ең бастысы – балалардың бақыты екенін жеткізді.

«Келінімізге берген қалың малдың көлемі осыншалық әңгіме болады деп ойламадым. Әрқайсымыз сыйлықты өз қалауымызбен, шын ниетпен жасадық. Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес. Сондықтан оны ақшамен өлшеу дұрыс емес. 100 мың болсын, 100 миллион болсын – бұл жігіттің ата-анасының өз шешімі. Менің құдағиым ештеңе сұраған жоқ. Мен де олардың не әкелетінін күтпеймін. Әкелмесе де реніш жоқ. Ең бастысы – балаларымыз бақытты болсын», – деді Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің отбасы келініне 10 миллион теңге көлемінде қалың мал бергені туралы видео әлеуметтік желіде кең тараған еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий