«Жолы ашылсын»: әнші Гүлмира Ізбасханова 30-дан асқанда тұсауын кестірді
Әнші Гүлмира Ізбасханова 30 жастан асқан шағында тұсау кесу рәсімін жасатып, жұрт назарын өзіне аударды. Өнер иесінің бұл сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды Politico.kz
Халық танымында «адам өмірде сүріне берсе, жолы болмай жүрсе, бала күнінде тұсауы дұрыс кесілмеген» деген ырым бар. Осы сенімге сүйенген әнші өз жолының ашылуын ниет етіп, тұсау кесу дәстүрін қайта жаңғыртқанға ұқсайды.
Желі қолданушылары бұл әрекетті әрқалай қабылдады. Бірі әншінің ниетіне қолдау білдіріп, ақжарма тілектерін арнаса, енді бірі өз пайымын ортаға салды.
Оқырмандар:
«Қадамыңа нұр жаусын», «Жолыңа тек жақсылық жолықсын», «Енді бағың ашылады», «Сыңарыңды тауып, бақытты бол», «Күйеуге шығу үшін кескен сияқты», «Жолың ашық болсын» – деп пікір қалдырды.
Әзірге әншінің өзі бұл рәсімге қатысты нақты түсініктеме берген жоқ, алайда бейнежазба желіде кеңінен тарап, талқылау әлі де жалғасып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:57
Жезқазғанда «Қазақмыс» өндірісті бір жерден бақ...
21.10.2026
17:13
«Өнерде 40 жыл»: Бақыт Шадаева сахнаға қайта ор...
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...