Жұлдыз Әбдікәрімова қайын атасының мерейтойына не үшін бармағанын айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова қайын атасының мерейтойына не үшін бармағанын айтты
13.10.2025 13:08
0
617
Ашық дереккөз

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өткен аптада өткен қайын атасының тойына не себепті бармағанын түсіндіріп, әлеуметтік желіде видео жариялады.

Ол бейнежазбасында: «Тойға балаларды жіберіп, өзім үйде, кенжетаймен қалдым» деген жазба қалдырған. Алайда бұл әрекеті көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Көптеген желі қолданушылары Жұлдыздың бұл шешімін дұрыс қабылдамады. «Ұят емес пе? Бір сағатқа құттықтап, кіріп шығуға болар еді», «Мұны тәкәппарлық, тексіздік, сыйламау дейді», «Атаңның көңілі үшін баруың керек еді», «Қырсықтық қой сенікі» деген сияқты сын пікірлер толассыз жазылды.

Оқырмандардың пікірінше, қазақ қоғамында үлкенге құрмет көрсету — қалыптасқан дәстүр. Сол себепті көпшілік Жұлдыздың тойға бармауын «отбасылық сыйластыққа сызат түсіретін әрекет» деп бағалады. Ал актриса өз кезегінде баласының жағдайына байланысты үйде қалуға мәжбүр болғанын айтып, жұрттың түсіністікпен қарауын сұрағандай әсер қалдырды.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырып, Жұлдыз Әбдікәрімованың әр қадамы қоғам назарында екендігін тағы бір мәрте көрсетті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий