«Жұлдыздікін ғана білемін»: Қайрат Нұртас күлкіге қалды

«Жұлдыздікін ғана білемін»: Қайрат Нұртас күлкіге қалды
01.03.2025 13:01
0
19
видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртас балаларының туған күнін шатастырып алған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видеода әнші ұлы мен қызының туған күндерін ажырата алмай қиналған сәті бейнеленген.

Видеоға назар аударсақ, әуелі қызы әкесінен: «Әке, менің туған күнім қашан?» – деп сұрайды. Әнші бұл сұраққа нақты жауап бере алмай, ұлының туған күнін қызынан, қызының туған күнін ұлынан сұрайды. Бірақ, есте сақтаған күндерін шатастырып, дұрыс айта алмай қиналады. Ақырында күліп: «Мен тек Жұлдыздың туған күнін білемін», – деп әзілдейді.

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың бұл әрекетін әзілге айналдырып, «Өзіміз сияқты екен ғой!», «Барлық әкелер бірдей ме?», «Жаттасаңшы, Қайреке!», – деген пікірлер қалдырды.

«Баласының туған күнін білмей ме не?» деп кейіп жатқан адамдар да бар. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қарапайым әкелерге тән жағдайдеп қабылдап, оны әзілмен қолдады. Видео желіде кеңінен таралып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий