«Жұмадан қалмаңыздар»: мұғалім жұртты жұма намазға шақырды (ВИДЕО)
Желіде білім саласындағы мәселлеерді жиі көтеріп жүрген белсенді ұстаз Азамат Сәмбетқұлов халықты жұма намазға баруға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол өткен аптада мешіттегі жұма намазындағы уағыз «ұстаздарды құрметтеу» тақырыбына арналғанын айтты. Белсенді ұстаз имамның ұстазды құрметтеу туралы көп дүниелер айтқанын алға тартты.
«Біздің ұлт зиялыларының барлығы, данышпан, даналарының бәрі ең алғашқы тәрбиені, білімді мешіт, медреседен алды. Ал біз не істеп жатырмыз? Молдаларды, имамдарды жамандап жатырмыз. Мешіттерді жабу керек, имамдарға ақша бермеу керек деп жатырмыз. Жан мен тәніңді тазалап, шынайы патриотизмге тәрбиелегің келсе, мектеп балаға тәрбие беретін болса, еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін мешітте рухани тәрбие беріледі. Сол үшін руханиятыңды көтеріп, жаныңды тазалағың келсе, жұмадан қалмаңыздар», - деді Азамат Сәмбетқұлов.
Белсенді ұстазды желі қолданушылары қолдай кетті.
Соңғы жаңалықтар