Жылыой ауданында тасқын басталғалы бері 4,5 млн текше метр су сорылды
539
Атырау облысы Жылыой ауданында авариялық құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Тәулігіне 204 444 текше метр су сорылды;
Су тасқыны басталғалы 4 521 719 текше метр су сорылды.
Атырау облысының Құлсары қаласында әлі 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.
ҚР ТЖМ құтқарушы күштері 2900 үйден су айдау жұмыстарын жүргізген болатын. Енді 20 жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр.
Қалада авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Кадрларда түркістандық құтқарушылар тобы өнімділігі секундына 500 литрді құрайтын жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен суды сору жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, Республика бойынша 50670адам өз үйлеріне оралды.
Республика бойынша 9660 жеке тұрғын үй мен 3213 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 16,4 млн астамтекше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млнқапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Соңғы жаңалықтар
18.09.2026
12:24
Елімізде 15 кітап оқығандарға 10 млн теңге бері...
18.09.2026
12:13
Ақтаудағы барда келушінің бетінен атқан ер адам...
18.09.2026
11:55
«Хиджабты орамал деп өзгерткен»: Айтыскер ақын ...
18.09.2026
11:55
Зайсанда балықшылардың мәйіті табылды
18.09.2026
11:52
Теміртауда есірткі өндірісін ұйымдастырды деген...
18.09.2026
11:21
Павлодарда бірнеше көлік соқтығысты: адам шығын...