"Ашып айта алмаймын": ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова елді алаңдатып қойды
Денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарымен байланысқа шықты. Өнер иесі өзі үшін алаңдаған көпшілікке қазіргі жағдайын айтқан,-деп хабарлайды politico.kz
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында ауруханадан фото мен видео жариялап, емі қалай жалғасып жатқанын айтты. Актрисаның сөзінше, оған ауыр диагноз қойылмаған. Екі апталық тексерістен соң, дәрігерлер оған ота жасаудың қажеті жоқ екенін айтқан. "Өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін. Бірқалыпты. Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйыртса, ол да өз уақытымен. Сонымен, уайымдайтын диагноз емес.Ашып айта алмаймын. Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" деді. Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін", - деді Әбдікәрімова.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
02.01.2025
17:33
Алматыда «Москва» сауда орталығы өртенуде
02.01.2025
16:39
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту...
02.01.2025
16:01
Димаш Құдайберген Бейжіңдегі Жер храмында қытай...
02.01.2025
15:56
Актөбеде 38 жастағы ер адам электр станциясында...
02.01.2025
15:26
Қостанайда жедел жәрдем бригадасы нәрестені кли...
02.01.2025
15:02
Алматы әлемде 2025 жылы баруға лайықты ең үздік...