Астанада «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады

0
74

2024 жылғы 4 қыркүйек сағат 9:00-ден бастап 2024 жылғы 10 қыркүйек сағат 23.59-ға дейін «Елорда жастары» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады.

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша банк беретін кредиттік қарыздар саны – 75.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз жүгіне аласыз:

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы: Республика даңғылы, 32.

109 (ұялы телефондар үшін) – iKomek

300 (ұялы телефондар үшін) – «Отбасы банк» АҚ.

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан жолдама алған қатысушылар.

Кредит беру шарттары:

Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы;

Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%;

Қарыз мерзімі – 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;

Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге.


ПІКІР ЖАЗУ