Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне көңіл айтты

05.04.2024
07:15
0
209
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шымкент–Самара» тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, жылы лебіз білдірді.
Айта кетейік, кеше Самара-Шымкент тасжолында, Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard көлігі соқтығысты. Апат салдарынан минивеннің жүргізушісі мен 7 жолаушысы қаза тапты. Барлығы да Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Болжам бойынша қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған, салдарынан жүргізуші көліктің бағытын бақылай алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
01:12
Семейде 3 шілде күні бірнеше көше жарықсыз қалады

02.07.2025
21:07
Ар-ұждан үшін өмір сүрдім, енді өзім үшін өмір ...
02.07.2025
19:23
Меруерт Түсіпбаева никаб мәселесін көтерді

02.07.2025
18:08
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәл...

02.07.2025
17:55
Гүлзира Айдарбекова: Қайратты 6 мың халық күтіп...

02.07.2025
17:38
Иттер талаған 10 жастағы баланың жағдайы белгіл...