Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәлінің әкесі

02.07.2025 • 18:08 Берік Арманов
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәлінің әкесі
651
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына өлең жолдарын арнап, оны өнерін тоқтатпауға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Жаңалықты оқып ап, не дерімді?

Сенбесімді білмедім сенерімді.

Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,

Көп жастар алар еді сенен үлгі.

Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым,

Мен саған беріп келем берерімді.

Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,

Алла берген тоқтатпа өнеріңді!" - деп жазған Төреәлі Төлепов Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік бұған дейін Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі аккаунтында "бәрін тоқтатқанын" жазған еді.

Кейін әнші тағы да екіұшты жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий