Ауылдағылар шулап, ел Президентіне жүгінді
Ауыл кәсіпкерлері шетелдік озық техниканы субсидиядан айырмауды сұрайды.
Сарапшылар ауыл шаруашылығында соңғы жылдары апаттық жағдай орын алғанын ашық айтады. Өткен жылы сала ахуалы тіпті қиындап, рецессияға ұшырады: Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында айтылғандай, АӨК жалпы ішкі өнімі -7,7%-ға құлдырады (алдыңғы жылғы көрсеткіштің небары 92,3%-ы).
Осы орайда аграршылардың дабыл қағуынша, жаңа Үкімет салаға жаңа соққы жасағалы тұр: Ресей, Беларусь секілді одақтық баламасына қарағанда, өнімділігі бірнеше есе жоғары алыс шетелдің ауыл шаруашылығы техникасын әкелуге субсидия беруді доғармақ.
Қауымдастықтары арқылы Үкіметті райынан қайтара алмаған соң ауыл кәсіпкерлері тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеумен жүгінді. Олар Президенттен импорттық ауыл шаруашылығы техникасына субсидияны доғармауды өтінді.