Қазақстанға Тәжікстаннан 3500 тонна гуманитарлық көмек жетті

0
42

 

Гуманитарлық көмекті Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы, милиция генерал – полковнигі Рустам Назарзода бастап келді. Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық ресурстар агенттігі директорының орынбасары Сохиб Зиёдуллоев гуманитарлық көмек туралы құжатты салтанатты түрде тапсырды.

– Қазақстандағы қиын жағдай біздің де жанымызға батты. Бейжай қарап отыра алмадық. Біздің елімізде күрделі мәселе туындаса, ең көп көмек жолдайтын ел – Қазақстан. Сондықтан Тәжікстан Республикасының Президентінің шешімімен осы гуманитарлық керуенді жеткізіп отырмыз. Біз стратегиялық серіктес елдер ретінде бір-бірімізді қолдап тұруымыз керек, – деді Рустам Назарзода.

Делегацияны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған облыс тұрғындары күтіп алды. Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» теміржол станциясында іс-шара өткізілді.

 


ПІКІР ЖАЗУ