ҚАЗАҚСТАН ҚАРАБАҚТЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУ ІСІНЕ АТСАЛЫСАДЫ

0
66

 

Қазақстан бауырлас елге Қарабақты қалпына келтіру ісіне атсалысады. Әзербайжанға жасаған мемлекеттік сапарының екінші күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласына барды. Бұнда қазақ басшысы, басқыншылардан босаған шаһардың қазіргі жай-күйін көріп, қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты.

Сондай-ақ бауырлас елге қазақ халқынан, гуманитарлық тарту ретінде, Физулиде салынған Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бауырлас елге жасаған мемлекеттік сапардың екінші күні қазақ басшысы Қарабаққа барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев күтіп алып, көлікті өзі тізгіндеп, мәртебелі мейманды Физули қаласына әкетті.

Бұл тас үйінділер Қарабақтағы Физули қаласының көне орталығы. 1993 жылы бұл аумақты Арменияның қарулы күштері басып алған болатын.

Содан бері 30 жыл бойы бұл жер БҰҰ ҚК резолюциясына сай басып алынған аумақ ретінде есептеліп келген. Ал осыдан 4 жыл бұрын Қарабақ қақытығысында Әзербайжандықтар бұл территорияны өздеріне қайтарып, аумақты қарқынды түрде дамытып, көркейтіп жатыр. Шаһарға жеткен Қазақстан мен Әзербайжан президенттері қаланы дамытудың бас жоспарымен танысты.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, бұл жерде енді ашық аспан астындағы музей болады. Ал жолдың арғы бетінде қазір құрылыс қарқынды жүруде.

Қарабақты босату операциясында әзербайжандық сарбаздар дәл осы жолмен жеңіске жеткенге дейін жүріп өткен екен. Физулидағы алғашқы салынған құрылыстың бірі дәл осы жол. Қазір қаланы көркейту жұмыстары жүріп жатыр. Мінекей, осындай алып ғимараттар тұрғызылуда. Қазір бұл шаһарда 38 көп қабатты ғимарат салынып жатыр. Ал былтыр мамыр айында қала ішіндегі көшелер мен жолдардың негізі қаланып, ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары басталған. Сондай-ақ цифрлық қосалқы станция мен «Физули» басқару орталығы іске қосылған. Басқыншылардан босаған қаланы қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстан да белсенді ат салысуда. Баку, Әзербайжан /24.08.2022/ Мәселен, осыдан 1,5 жыл бұрын Әзербайжанға ресми сапармен келген кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке бауырлас елге қазақ халқынан гуманитарлық тарту ретінде Физулиде Құрманғазы атындағы балалар шығармашылығы орталығы салынатындығын айтқан.

орталығы жобасының жетекшісі: – Ғимарат 9 ай ішінде салынды. Бұнда балалар мектептен тыс уақыт өткізе алатындай бар жағдай жасалған. Мұнда дәріс залы, шахмат, мүсін студиясы, хореография және спорт залдары, дыбыс жазу кабинеті, музыка және робототехника кабинеттері бар. Сондай-ақ орталықтың аумағында аббаттандырып, балалар алаңын салдық. Алтыбақан орнатып, киіз үй де құрып қойдық. Заманауи ортылықпен танысып болғаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық ұжымына Құрманғазы домбырасының көшірмесін, сондай-ақ білім ошағының тәрбиеленушілерін таситын автобусты сыйға тартты. Айта кету керек, Қарабақты жаңғыртуда қазақстандық компаниялар белсенді ат салысуда. Мәселен, мына жерде Физули қаласының орталық ауруханасы бой көтереді. Ғимаратты қазақстандық компания тұрғызады. Емдеу мекемесі 180 төсек-орынға есептелген. Ғимараттың жалпы ауданы 34 мың шаршы метрден асады. Бүгін Физулиге келген Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев қаладағы орталық аурухана құрылысының жоспарымен танысты. Медициналық мекемеде стационарлық қызмет көрсететін кардиология, неврология, гинекология, гемодиализ, хирургия, және жұқпалы аурулар бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.


ПІКІР ЖАЗУ