Қазақстан Президенті ГФР Федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті

29.05.2024
07:02
0
188
Германия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц екіжақты қатынастардың практикалық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының былтыр қыркүйек айында Берлинге жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса мән берілді.
Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастық қарқыны жоғары екеніне ерекше назар аударып, іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара қызығушылық танытты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, екі елдің халықаралық аренадағы күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда тараптар алдағы уақытта Астанада «Орталық Азия – Германия» форматында өтетін жоғары деңгейдегі кездесудің мәні зор екенін атап өтті. Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

01.07.2025
20:53
Димаштың інісі Мансұр Құдайберген де өнерге бет...

01.07.2025
20:04
Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әл...

01.07.2025
19:59
Жұлдыз Әбдікәрімова жүйкесі тоза бастағанын айтты

01.07.2025
17:48
«Әжелер сияқты»: Тәуекел Мүсілімнің жұбайы сынғ...

01.07.2025
17:23
Аты аңызға айналған дипломат Генри Киссинджер Т...

01.07.2025
17:21
Германияда енесінің қолынан қатігездікпен өлген...