Қазақстанның 139 әскері Голан биігіне жіберілді

0
53

 

28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ҚР Қарулы күштерінің бітімгерлік контингентін «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына салтанатты түрде шығарып салуға арналған іс-шара өтті.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов контингент командирі подполковник Жігер Аиповқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын табыс етті. 

Әскери қызметшілер онда жеткен соң біздің мемлекетіміздің нышаны Голан биіктіктеріндегі қазақстандық бітімгерлік базаның аумағына ілінетін болады.

Қазіргі уақытта Батыс Сахарада 6,  Орталық Африка Республикасында 2, Конго Демократиялық Республикасында 2, Ливанда 9 офицер БҰҰ-ның миссияларында қызмет етуде. Голан биіктеріне 139 қазақстандық әскери қызметші жіберілді.

 


ПІКІР ЖАЗУ