Байланыс операторлары 5G технологиясын дамытуға 450 миллиард теңге инвестиция салады
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі айтты.
«5G технологиясын одан әрі дамытуға қатысты Кселл және Теле2-мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында 5G-ді дамыту бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Бүгінгі таңда 20 қалада 1 144 базалық станция орнатылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс», – деді Жасұлан Мәдиев.