"Баспалдақтың астында жасырынып күтіп тұрған": Атырауда ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, қашып кеткен

17.06.2024
12:48
0
139
Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Полицейлер күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болғанын анықтады,-деп хабарлайды politico.kz
Ер адам әйелді пышақтап кеткені туралы ақпарат НеМолчи.Kz қоғамдық қорының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. "Қызға ер адам пышақпен шабуыл жасады, болжам бойынша, күдікті оның бұрынғы жігіті. Ол оған бірнеше рет пышақ сұққан, оның біреуі – терең. Оның тамақ аймағында пышақты қалай баяу жүргізгенін мұқият қараңыз. Сондай-ақ оның баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыз", - делінген жазбада. Қоғамдық қор өкілдерінің ақпаратынша, әйел қаладағы супермаркеттердің бірінде жұмыс істеп жүрген. Сол күні подъезд арқылы дәретханаға шығып бара жатқан. Бұған қоса олар әйелдің жансақтау бөліміне түскенін жазған. осы жайтқа қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді қазір күдікті іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. "9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталды, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - делінген полиция хабарламасында.Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.07.2025
18:13
Тұрсынбектің әйелі: "Бұл жай ғана өнер..."

18.07.2025
17:58
Алагөзов өгей қызына қымбат сыйлық жасады

18.07.2025
17:26
«Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы кел...

18.07.2025
17:00
«Есімін де таңдап қойғанбыз»: Елдос Колобок бал...

18.07.2025
16:58
Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат сотталды

18.07.2025
16:07
2026 жылдан бастап Салық кодексіне бірқатар өзг...