Белгілі тележүргізуші енді «1001 түн» бағдарламасын жүргізбейтін болды

0
116

Белгілі тележүргізуші Әйгерім Сейфолла «1001 түн» бағдарламасынан кетті. Оның орнына ток-шоуды енді журналист әрі блогер Арай Әлімхан тізгіндейді.

«Qazaqstan» телеарнасының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, телешоуды енді журналист Ғалымжан Кеңшілік пен Арай Әлімхан тізгіндейді.

«Үш жылға жуық көрермен көзайымы болып келген түнгі шоуды күзгі телевизиялық маусымнан бастап Ғалымжан Кеңшілік пен Арай Әлімхан тізгіндейді.

«1001 түн» жобасында қоғамда резонанс тудырған оқиғалар талқыланып, күннің ең өзекті оқиғасы куәгерлер, ресми өкілдер мен арнайы мамандар арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар студияда түрлі сала бойынша тұлғалармен еркін сұхбат жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Бағдарламаның бұрынғы жүргізушысы Әйгерім Сейфолла Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, өзі 2 жыл 4 ай жүргізген «1001 түн» ток шоуынан кетіп бара жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, журналистің сөзінше, телебағдарламадан кетуге денсаулығы түрткі болған.
«1001-санына дейін жете алмадым. Денсаулығым сыр бермегенде, бәлкім, жетер едім. Өткенде кететін болдым дегенде меңзегенім осы еді. Сүйікті көрерменім, оқырманым, мені Түркияға көшіріп жіберді, “Болашақпен” оқуға түсіріп жіберді. Маған деген көңілдеріңізге, ниеттеріңізге мың да бір рақмет. Әрбір жазған жылы сөздеріңіз жаныма демеу болады. Жанымды шүберекке түйіп, аласұрған аналық жүрегім жай тауып, үмітімді үкілеп алға жылжыған әрбір қадамым сәтті болғанын қалаймын. Ұлымнан сұқбат алатын күнге жеткенде қасымнан табылшы, көрерменім. Келесі эфирде жүздескенше!», – деп жазды журналист.


ПІКІР ЖАЗУ