Бір айға жоғалып кеткен Фариза Төреәлі жазба жариялады

0
73

Отандық блогер Фариза Төреәлі бір айлық үзілістен кейін Instagram желісіне оралды. Төреғали Төреәлінің қарындасы ғаламтордан 30 күнге демалғанын айтып, жазба жариялады.

Фариза Төреәлі бір ай уақытын рухани құндылықтарды қайта айқындауға, өз-өзін зерттеп-тануға бағытталғанын айтты.

«30 күн әлеуметтік желіден детокс, бір сәт тоқтап, бір сәт тек өз ішіңе үңіліп, амалдарыңды саналы аңғару, қайда жүріп бара жатқаныңды көру, руханилыққа мән беру, құндылықтарды қайта айқындау сапарынан соң сағына, сарғая сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Атақ-даңқ, абырой, дүние, дәреже адамның көзін перде сияқты жауып қояды екен. Солай біз өзіміздің шынайы қалпымызды ұмытамыз. Біз ең маңыздыны сол жолда жоғалтып алып жүрген жоқпыз ба екен?!Тәкәппарлық, нәпсіге берілу, жарысу, сенімнің жоқтығы, салыстыру, дауласуға берілу, өзгенің қатесін іздеп, оны тізіп, санап, еш пайда таппайды екенбіз. Тек өз ішіміздегі кірді тазартудың маңызын, әр ісім , әр ойым, әр сөзіміз үшін Алланың алдында біз қалай жауап береміз деген ойлар мазалап, болмашыға күйіп-пісіп жүргенімізге көзімізді ашқысы келеді…Бізді тәрбиелеуде ғой Раббымыз», – деп жазды блогер.

Төреғали Төреәлінің қарындасы парақшасын өшіріп, уақыттың көптігін байқағанын айтты. Ол бос кезінде кітап оқып, өмірінің ақсаған тұстарына көңіл бөлгенін алға тартты.

«Біздің жүрек қатайып кеткені сонша, ештеңені де көрмей, сезбей, түсінбей қалыппыз. Қатайған жүректе махаббатқа орын бар ма?! Аллаға жақындаймын деген адамның жүрегі жұп-жұмсақ болуы керек екен. Ал ол жүрек түрлі жолмен жұмсарады. Біреу ауыр дертке шалдығады, біреу жақынын жоғалтады, біреу ештеңесіз қалады. Ал бізді Алла жақсы көретіні сонша, ең жеңіл жолмен әкеле жатыр ғой. Кек, реніш, саудаласу, салғыласу, дәлеледеу ең ұлы сезім махаббатың жанында ең бос нәрселер емес пе? Біз – құмырамыз, құмыраның ішінде не бар, сондай нашар сезімдермен емес, тұла бойды махаббатқа толтырып өтсек екен. Парақшамды өшіруге сезімді салған да, сол уақыт аралығында қаншама дүниеге көкірек-көзімді ашқызып, басқаша көзбен қаратқызып қойған да Раббым.. Әлеуметтік желіні өшіріп уақыттың көптігін байқадым. Қанша уақыт оқылмай жүрген кітаптарды кемірдім, өмірімнің сфераларына көз жүгіртіп, ақсап тұрған жерлеріне көңіл бөлудемін», – деді Фариза Төреәлі.


ПІКІР ЖАЗУ