«Бір алтын әкелді екен деп»: танымал журналист Елдос Сметовке уағыз айтпай, тыныш жүруін ескертті

0
626

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram парақшасында Париж Олимпиадасында жалғыз алтын медаль алған дзюдошы Елдос Сметовті сынға алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол Елдос Сметовке уағыз айтпай, тыныш жүруін ескертті.

«Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!

Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!

Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр, уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!» – деп жазды ол.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

ПІКІР ЖАЗУ