Былтыр қай министрлік қызметкерлері жемқорлықпен көп ұсталды

0
54

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов өткен жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық фактісімен қай министрлік қызметкерлері жиі ұсталғанын айтты.

«2023 жылы министрліктер арасында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша құрыққа жиі іліккен, Ішкі істер министрлігінен 193 тұлға, Төтенше жағдайлар министрлігінен 31 тұлға, Қаржы министрлігінен 25 тұлға, Қорғаныс министрлігінен 17 тұлға», – деді Арман Тілеукенов агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Антикор сан қуып, статистикаға жұмыс істемейді. Сондай-ақ, агенттіктің ресми өкілі Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейтіндігін еске салды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – деп толықтырды А.Тілеукенов.


ПІКІР ЖАЗУ