Дана Әтешова сотталды
316
Астанада Марат Әйтеновтің бұрынғы әйеліне денсаулыққа зиян келтіргені үшін айыппұл салынды.
Бұл турал елордалық сот хабарлады.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешеваны үй иесінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.
2024 жылғы 23 тамызда сот Әтешеваны балаларымен мәжбүрлеп көшіру кезінде үй иесі М.-ны үйге кіргізбей, кедергі келтіргенін анықтады. Оқиға кезінде ол жәбірленушіні ұялы телефонмен ұрып, оны тістеп, нәтижесінде дене жарақатын салған.
Әтешеваның кінәсі куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасы қорытындысымен және басқа да іс материалдарымен расталды. Прокурор 110 760 теңге (30 АЕК) көлемінде айыппұл салуды сұрады, ал қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылықтың жоқтығы үшін істі қысқартуды талап етті.
Сот Әтешеваның жеке кәсіпкер екенін және үш кішкентай баласы бар екенін ескере отырып, жазаны жеңілдетіп, 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Соттың ресми мәлімдемесінде процеске қатысушылардың аты-жөні айтылмай, тек инициалдары ғана көрсетілген. Алайда Астана сотының баспасөз қызметі бұл істің шынымен Дана Әтешеваға қатысты екенін растады.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
10:18
«Айлар бойы дайындалдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова а...
28.09.2026
10:03
Каспийдегі оқиғағада екі сарбаз неге есепте жоқ...
28.09.2026
09:54
Алматыда тағы да жер сілкінді
28.09.2026
09:46
Өзбекстанда балабақша қызметкері 5 жасар қызды ...
28.09.2026
09:19
Алматылықтар жер сілкінісін сезді
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды