Өзбекстанда балабақша қызметкері 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

28.09.2026 • 09:46 Мөлдір ҚАЙНАР
Өзбекстанда балабақша қызметкері 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды
397
Фтто: schoolioneri.com

Өзбекстанның Наманған облысындағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде 5 жастағы қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен 52 жастағы мекеме қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Үшқорған ауданында орын алған. Баланың туыстарының айтуынша, күдікті — балабақшаның шаруашылық меңгерушісі болып істейтін 52 жастағы ер адам. Ол бүлдіршінге мекеме аумағында бірнеше рет зорлық көрсеткен. Зардап шеккен балаға тиісті сот-медициналық және гинекологиялық сараптамалар жүргізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті сол күні сот шешімімен қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс Наманған облыстық прокуратурасының тергеуіне өткен. Өзбекстанның Бас прокуроры резонансты істі өз бақылауына алды.

Желіде оқиғаның түрлі мәліметтері қызу талқыланып жатқандықтан, елдің Балалар омбудсманы олардың кейбірі ресми расталмағанын айтып, ақпарат таратуда кәмелетке толмаған баланың құқығы мен жеке басын қорғауды талап етті. Ал Өзбекстанның Мектепке дейінгі және мектептік білім министрлігі арнайы жұмыс тобын жасақтап, еліміздегі мемлекеттік балабақшалардың барлық қызметкерлерін жаппай тексеруге кірісті.

Войдите, чтобы оставить комментарий