Данияр Әшімбаев: Медиа саласындағы стандарттар өзгеріп кетті

0
78

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатына қатысты ескі мәселені көтерді.

Бір жағынан, министрлер өткір сұрақтарға жауап беріп, өз ұстанымдарын дәлелдеп, полемикаға түсе алуы керек. Екінші жағынан, «отставкаға кетесіз бе», «бастық болғыңыз келе ме» немесе «сұрақтан қашпаңыз» деген көптеген арандатушылық сұрақтар шаршатты. Себебі негізгі ақпарат шетте қалып, шынымен қызықты әрі қажетті тақырыптар ұмытылып кетеді. Роман Скляр кезекті дөрекі сұрақтарды лайықты тойтарды, бірақ іс жүзінде Үкіметте қандай да бір бақылау енгізу керек сияқты. Жақында президент кейбір блогерлердің әкімдерді қалай қудалап жүргенін баса айтқан еді. Бізде медиа саласындағы стандарттар қатты өзгеріп кетті. Аналитиканың, кәсібиліктің орнына арандатушылық, жанжал, айқай-шу алға шықты, – деді саясаттанушы.


ПІКІР ЖАЗУ