Депутат Алматыдағы сейсмология институтының аянышты жағдайда екенін айтты

0
57

 

Бақытжан Базарбектің сөзінше, сейсмикалық институт ғалымдарының министрлікке жіберген ғылыми жобалары қабылданбай кері қайтарылады. Олар тіпті қаржыландырудан айырылған. Кейде жалақы да алмайды екен дейді. 

Сондай-ақ депутат институтты төтенше жағдайлар министрлігінің орнына ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына беруді ұсынды. Ал Саясат Нұрбек биыл сейсмикалық институтқа арнайы 3,5 миллиард теңге грант бөлінгенін айтты. 

«Біздің оларға қандай да бір жолмен көмектесетін немесе қызметіне араласатын құралдарымыз жоқ. Институт бізге оралса, қуанар едік. Грантты министрлікпен бірлесе отырып бекіткіміз келеді. Бұл мәселені жоғары ғылыми-технологиялық кеңестің қарауына бергіміз келеді. Қаржыландыру қажет деп ойлаймын», – деді министр. 

 


ПІКІР ЖАЗУ