Елордада 6-шы аудан құрылады

0
35

 

Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметовтің айтуынша, қалалық мәслихат Алматы ауданын екі дербес әкімшілік бөлікке бөлу туралы шешім қабылдаған.

«Солтүстігі өзінің тарихи атауын сақтап қалса, оңтүстігі жаңа атаумен белгіленетін болады. Жоспарланып отырған екі әкімшілік бірлік арасындағы шекараны үлкен көлік магистральлдары арқылы өткізу көзделген. Шекара сол жағалаудан оң жағалауға қарай өтетін көпірден басталып, Сарайшық көшесі бойымен болады. Одан кейін шекара Қошқарбаев даңғылы бойымен темір жол желісі қиылысына дейін, темір жол желісінен қаланың шекарасына дейін созылады», – деді ол.

 


ПІКІР ЖАЗУ