Гематома мен денесі көгерген: Германияда жоғалып кеткен әйелдің ағасы жағдай туралы айтты

11.06.2024
15:29
0
143
Айгүл Сайлыбаеваның ағасы қарындасы оларға зорлық-зомбылық фактілері туралы айтпаса да, достары бұл туралы болжағанын түсіндірді,-деп хабарлайды politico.kz
“Қарындасым жоғалып кеткеннен кейін мен оның құрбыларымен тілдесіп, қарындасымның қалай қиналғанын, күйеуі оған түрлі физикалық және психологиялық қысым көрсеткенін естідім. Күйеуінің туыстары, әсіресе енесі күн бермеген көрінеді. Гематомалары, соққы алып, денесі көгерген, сырылған, құлақтары ісінген фотолары бар. Кейінгі айда ол видеоқоңырауға шықпады”, – деді Айгүл Сайлыбаеваның ағасы Қанат Сайлыбаев. Айгүл Сайлыбаева 2020 жылы күйеуімен бірге Қазақстаннан кеткен. Олар әртүрлі елдерде тұрған, соңғысы – Германияның Бенсхайм қаласы. Әйелдің күйеуі құқық қорғау органдарына олардың нақты тұрғылықты мекенжайын айтқысы келмеген екен. Осыған байланысты жоғалғанын үш күн болғаннан кейін ғана пәтерді тінтіген. Айгүл Сайлыбаева туыстарына соңғы рет 3 маусымда хабарласқан. Бірақ қазақстандық дипломаттар әйелдің жоғалғанын 5 маусымда оның туыстары бас консулдыққа хабарласқанда ғана білді. “Жергілікті полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, олар мұқият іздейтіндерін айтты. Соған қарамастан Берлиндегі бас консулдығымыз бен елшілігіміз бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау үшін Германияның сыртқы істер министрлігіне тиісті үндеу жолдады. Қазір неміс тарапымен бірлесе отырып, Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесін пысықтап жатырмыз”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.07.2025
18:13
Тұрсынбектің әйелі: "Бұл жай ғана өнер..."

18.07.2025
17:58
Алагөзов өгей қызына қымбат сыйлық жасады

18.07.2025
17:26
«Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы кел...

18.07.2025
17:00
«Есімін де таңдап қойғанбыз»: Елдос Колобок бал...

18.07.2025
16:58
Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат сотталды

18.07.2025
16:07
2026 жылдан бастап Салық кодексіне бірқатар өзг...