Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге резервтен 816 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

06.05.2024
07:15
0
192
Республиканың жылу көздерін кешенді жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.
Ақмола облысының бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде №1 және №2 аудандық қазандықтарда тиісті жұмыстар жүргізу үшін 816 млн теңгеден астам қаражат аударылады. Атап айтқанда, конвективті бөліктің пакеттерін және қазандық агрегаттарын жөндеу, сондай-ақ қыздыру беттерін және шикі көмір бункерлерін ауыстыру жоспарланып отыр.
Аталған шараларды іске асыру нәтижесіндеқазандықтардың тиімділігі артып, апаттар мен тоқтап қалу фактілерінің саны азаяды, бұл алдағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бүгінде Көкшетауда қаланың жылу және электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге тиіс толыққанды ЖЭО салу жобасын пысықтау жұмыстары жалғасуда.
Оның техникалық көрсеткіштері жылу қуаты – 520 Гкал/сағ, электр қуаты – 240 МВт болады деп жоспарланып отыр. Бұл ретте Көкшетауды одан әрі газдандыруды ескере отырып, табиғи газға көшіру мүмкіндігі бар түрлі отынды көміртозаңды қазандықтар орнату көзделген.
Жоба биылғы 17 сәуірде Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған келісім шеңберінде жүзеге асырылады. Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым «Самұрық-Энерго» АҚ биыл ЖЭО жұмысын бастау үшін тиісті жол картасын әзірледі. Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

01.07.2025
20:53
Димаштың інісі Мансұр Құдайберген де өнерге бет...

01.07.2025
20:04
Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әл...

01.07.2025
19:59
Жұлдыз Әбдікәрімова жүйкесі тоза бастағанын айтты

01.07.2025
17:48
«Әжелер сияқты»: Тәуекел Мүсілімнің жұбайы сынғ...

01.07.2025
17:23
Аты аңызға айналған дипломат Генри Киссинджер Т...

01.07.2025
17:21
Германияда енесінің қолынан қатігездікпен өлген...