"Адамдардың барлығы ем-шара бөлмелерінде": Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты
Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Өнер иесінің айтуынша, бүгінде ем-шара бөлмелерінде ұзын-сонар кезек.
Бұған дейін балалары сырқаттанып қалғанын айтқан Роза Әлқожа енді өзі де ауырып қалғанын жеткізді. Өнер иесі бірден дәрігерлерге жүгініп, система салдыртқан.
Әнші емханада түскен суретін жариялап, елдегі жағдай үшін алаңдаулы екенін айтты.
"Үнсіз пандемия! Адамның бәрі ауруханада емес, жеке ем шара бөлмелерінде. Алматыда да, Шымкентте де көргенім сол! Бәрібір түбінде сыр беріп, өзің де системаға келгенсің ғой", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Роза Әлқожа отбасындағы жағдайды айтып, оқырмандарын алаңдатып қойған еді. Әнші перзенттері ауырып, түнімен ұйықтамай жүргенін жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...
21.10.2026
12:56
«Көзіне жас алды»: Жазира Байырбекова желіні те...
21.10.2026
12:38
Әйелдерді қорғауға жаңа жүйе қажет емес: Депута...