"Әкем үйге кіргізбеді": Мөлдір Әуелбекова ажырасқан кезін еске алды
475
Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бірінші некесі туралы сыр шертіп, көпшілік білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі жолдасымен келісе алмай, одан кетпек болған кезде әкесі оны үйге кіргізбей қойғанын айтты.
Мөлдір Әуелбекова отбасылық өмірі туралы жан сырын Дина Төлепбергеннің "Din Dina Show" бағдарламасында ақтарды. Әнші бірінші некесі неге сәтсіз аяқталғанын айтып, әкесінің даналығын ерекше атап өтті.
"Қайтып келген қыз жаман" деген жағдайға байланысты деп ойлаймын. Бірінші некемде түсініспеушіліктер болған кезде Алматыға жұмыс сапарымен келдім. Ол кезде ата-анам Алматыда, біз Астанада тұрамыз. Бізде сол кезде баламның әкесімен жанжал үдеп кетті. Сол кезде үйдегілерге "Мен кетемін, осы жерде қаламын" дедім. Әкем "Жоқ, бұл жерде қалмайсың" деп мені үйге кіргізбей, қайтарып жіберген. Бірақ қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінгенде бәрі жақсы болар ма еді. Олар "Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман" деп мені кінәлады. Содан кейін бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады", - деді Мөлдір Әуелбекова.
Соңғы жаңалықтар
25.04.2026
11:24
Шымкентте танымал автоблогер полициямен даудан ...
25.04.2026
10:21
ШҚО-да жаңа аурухана құрылысы кезінде табылған ...
25.04.2026
09:16
СҚО-да әйел танысын өлтіріп, мәйітті кереует ас...
24.04.2026
23:38
Атырауда жолаушылар автобусы 9 жастағы оқушыны ...
24.04.2026
23:02
Теміртауда балабақшада тәрбиеші баланы жұдырықп...
24.04.2026
22:12
Сарыағашта 8 айлық сәби екпеден кейін көз жұмды