Әлем чемпиондарын Астанада зор қошеметпен қарсы алды (ВИДЕО)

Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан қазақ боксшылары елордаға оралды. Оларды қала халқы ыстық ықыласпен, сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Чемпиондар Айбек Оралбай, Санжар Тәшкенбай, Нұрбек Оралбай және олардың бапкерлеріне халық шапан жауып, қошемет көрсетті.
Ауыр салмақта жеңімпаз атанған Айбек Оралбай бұл оның үшінші әлем чемпионаты болғанын айтып өтті.
«Ер кезегі үшке дейін дейді. Үшінші рет барған соң жүлдесіз келу ұят болар еді. Сондықтан алғашқы жекпе-жектің өзін соңғы сайысымдай өткізуге тырыстым. Бұл ең алдымен бапкерлерімнің еңбегі. Оңай болған жоқ, жауапкершілікті де сезіндік. Біз команда болып, бар күшімізді Қазақстанды қуантуға жұмсадық», – деді Айбек Оралбай.
Айта кетсек, Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 7 алтын медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленген болатын.
Соңғы жаңалықтар





