Ақмола облысында 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонт сүйектері табылды (фото)

Ақмола облысында 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонт сүйектері табылды (фото)
15.10.2025 16:11
0
55

Ақмола облысында шамамен 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонттың сүйектері табылды деп хабарлайды Ұлттық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған POLITICO.KZ

Ұлттық музейдің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, жуырда Ақмола облысы Бұланды ауданы Новобратское ауылы маңынан түкті мамонттың төменгі жақ сүйегі мен жілік сүйектері табылған.

табылған мамонт сүйектері

"Алғашқы сараптама бұл сүйектердің 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген, жасы 40-50 шамасындағы ересек мамонтқа тиесілі екенін көрсетіп отыр", - делінген хабарламада.

Құнды олжаны агрохолдинг қызметкерлері Әділет Омаров пен Әлжан Ракишев тауып, бірден Ұлттық музей мамандарына хабарлаған. Қазір жәдігер музейдің арнайы зертханасында сақтаулы

табылған мамонт сүйектері

Мамандар бұл жерде толық қаңқа табылуы мүмкін дейді. Алдағы маусымда кеңкөлемді қазба жұмыстары жоспарланып отыр. Егер болжам расталса, бұл Қазақстандағы мұз дәуірі жануарларын зерттеу саласындағы ірі жаңалық болмақ.

Табылған мамонт сүйектері

Ұлттық музейдің мәліметінше, мамонттар 700 000 жыл бұрын пайда болып, соңғысы 10 000 жыл бұрын жойылып кеткен. Салмағы 5-8 тоннаға дейін жетеді. 6 рет ауысып тұратын ірі азу тістері болған.

Қазақстанда мамонт сүйектері бұған дейін Павлодар, Солтүстік, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында табылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий