Жол апаты: Ақтөбеде қаза тапқан 5 адам – бір отбасының мүшелері
917
Ақтөбедегі жантүршігерлік жол апатынан бір отбасынан 5 адам қаза тапты. Қайғылы жағдайға қатысты тың деректі өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі ұсынды.
Ресми мәліметке сүйенсек, жеңіл көліктегі 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Ал 4 жасар бала аудандық ауруханада қайтыс болған. Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аудандық ауруханаға жеткізілген баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмағанын хабарлады.
Полижарақат алған 4 жасар бала қаза тапты. 30 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді. Ал аудандық ауруханаға жеткізілген жүргізушінің жағдайы тұрақталды. Есін жиды, жағдайы ауыр. Жол-көлік оқиғасы кезінде 50 жастағы әйел, 35-40 жас шамасындағы ер, 14 және 12 жас шамасындағы екі жасөспірім жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды. Бәрі – бір отбасының адамдары, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
14:06
Алматыда жол опырылып, көліктер шұңқырға түсіп ...
05.10.2026
14:06
Он жастағы балаға екі ай бойы зорлық жасаған кү...
05.10.2026
13:58
Атырауда төрт адам мінген лифт құлады
05.10.2026
13:51
Қазақстанда мұғалім саны рекордқа жетті: Білім ...
05.10.2026
13:16
«Баланың аузынан жырып жеу – масқара!»: Әбенов ...
05.10.2026
12:48
Бұрынғы сенатор Амангелді Нұғманов Көлік минист...