Арман Шораев бостандыққа шықты
696
Журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулік әкімшілік қамауда болғаннан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Арман Шораев бостандыққа шыққанын әлеуметтік желіде жазба жариялау арқылы көрсетті.
Жазбаның астына пікір қалдырған желі қолданушылары Шораевты қамаудан босатылуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде былапыт сөздер қолданылған жазба анықталғанын хабарлаған. Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберілген.
Алайда полиция оның нақты не жазғанын және қай жазба туралы сөз болып отырғанын нақтыламады.
Кейін сот шешімімен Арман Шораев 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
14:37
«Бүйрегі істен шықты, бауыры сыр берді»: Жаңаөз...
24.09.2026
14:37
Каспийде әскери қызметшілер қаза тапқан жерден ...
24.09.2026
14:06
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызмет...
24.09.2026
13:40
Астанада емдік массаж жасайтын қыз клиентінен з...
24.09.2026
13:07
Қарин Конституцияны түсіндіру жұмысы туралы Тоқ...
24.09.2026
12:58
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық болды»: Әмина апа от...