Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем төленеді
Астана қаласының әкімдігі Қарттар күніне орай 91 672 зейнеткердің біржолғы әлеуметтік төлем алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«1 қазан- Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн. теңгені құрайды. Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жасына байланысты зейнетақы алушыларға жүргізіледі»,—деді ведомство.
Айта кету керек, төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...