Азық-түліктің қымбаттауын салықтың көтерілуінен көре бермейік – Жұманғарин

04.03.2026 14:36 Әсел Мұрат
Азық-түліктің қымбаттауын салықтың көтерілуінен көре бермейік – Жұманғарин
91
Фото: Максим Золотухин

Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қараша және желтоқсан айларымен салыстырғанда елімізде азық-түлік не себепті қатты қымбаттап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Жұманғариннің айтуынша, елде азық-түліктің қымбаттауын тек қосылған құн салығының өсуінен көре беруге болмайды.

«Қазақстан өзін барлық азық-түлік түрімен толық қамтамасыз етпейтінін білесіздер. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 70-90 пайызы өзімізде шығарылады. Ал бұл тізімге кірмейтін өнімдерді сатып алатын азаматтар оның сырттан келетінін түсінуі қажет. Әлемдік нарықта баға көтеріліп келеді. Қазір бүкіл әлемде азық-түлік бағасы өсіп жатыр. Салдарынан қазақстандық өнімдер экспорттық нарықта сұранысқа ие бола бастады. Біздің фермерлер өнімдерін экспортқа сатқысы келеді. Өйткені ол жақта баға жоғары. Біз оларға ішкі нарықта сатуды ұсынғанда, олар маржасын сақтағысы келетінін айтып, бағаны көтеруге мәжбүр болатынын жеткізді.Біз оларға шектеу қоя алмаймыз», – деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мәселені шешудің жалғыз жолы – отандық өндірісті дамыту, ішкі нарықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету. Үкімет қазір соған басымдық беріп отыр.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий