Батыс Қазақстанда 11 айлық бала көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында 11 айлық бала шетінеп кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл бала медициналық мекемеге алғашында басқа негізгі диагнозбен ауыр халде жеткізілген.
Қызылшаға тән қосымша клиникалық белгілер байқалғанымен, жүргізілген зертханалық тексерулер нәтижесінде бұл диагноз расталған жоқ.
Науқасқа қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сай барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда қабылданған емдік шараларға қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі таңда аталған жағдайға байланысты тиісті талдау және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...