Баян сұлудың рөлін шенеуніктің қызы сомдаған – Меруерт Түсіпбаева

Әнші Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян Алагөзованың фильміне қатысты жұрт білмейтін шындықты әшкере етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Әнші өз сөзінде осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың даулы жағдайын еске түсіріп, Баян Алагөзованың жағдайымен салыстырып өтті.
«Неге Тұңғышбай аға (ред. – Тұңғышбай Жаманқұлов) «Феникс» фильмі үшін ақшаны қайтаруы керек. Ал Баян Алагөзова «Қозы көрпеш Баян сұлу» үшін ақшаны қайтармауы керек. Соны түсіндіріңізші. Неліктен? Ол – бюджеттің ақшасы. Соны айттым, қайтарсын деп.
Одан Баян бастады, Бағым бәрі қостады. Олар миллиард қой. Боқтап мені, неше түрлі айтып, «сен ешкім емессің, нөлсің, сен кімсің, талантсыз, қандай әнің бар, ол кім» деді. Ол кім деп айтуы мүлдем дұрыс емес. Ол менімен бірге бір потокта оқыған. Мен «Музыкалық драма» мамандығында оқып жатқанда Баян енді түскен. Мен – даладан келген адам емеспін. Мен білімді адаммын. Кез келген адамды қолымдағы қағазбен құлата аламын. Баян-шаян деген оның жанында ойыншық қана. Маған неше түрлі айтып, жеке басыма тиісті», – дейді Меруерт Түсіпбаева.
Ол сөзін жалғай отырып, Баян Алагөзованың түсірген тарихи сериалы зиялы қауым өкілдерінің көңілінен шықпағанын қозғап өтті.
«Қозы көрпеш Баян сұлу» деген сериал бюджеттің ақшасына түсірілген. Ұлттық мұрамыз болғандықтан Баян Мақсатқызы түсірген нұсқа зиялы қауымға жақпады. Басты кейіпкер, сол уақыттағы әкім орынбасарының қызы екен, кәсіби актриса емес. Әкім орынбасарының қызы кірпік жабыстырған.
Бүгінгі күннің сериалын қалай түсірсе де болады. Ал бұл – біздің тарихымыз, әдеби, мәдени мұрамыз. Содан мен жаздым «Қозы көрпеш Баян сұлу» сериалын прокаттан алып тастаса, ақша қайтарылып, қайтадан кастинг жарияланып, басқа режиссер түсірсін дедім», – деп Меруерт Түсіпбаева сөзін аяқтады.
Соңғы жаңалықтар





