Данияр Елеусіновтің әйелі төбелес шығарды

05.03.2026 09:57 Әсел Мұрат
Данияр Елеусіновтің әйелі төбелес шығарды
262
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды тұрғындары бокстан олимпиада чемпионының жарынан таяқ жедік деп полицияға арызданды. Олар Данияр Елеусіновтің жары жұдырық ала жүгіргенін айтады, деп хабарлайды Politico.kz  КТК арнасына сілтеме жасап

Қылмыстық іс те қозғалыпты. 

«Бізге «атамды ренжіттіңдер» деп шүйлікті. Атасымен көрші тұрамыз. Бірден ішімнен екі рет тепті де, шашымнан сүйрей бастады. Бір кезде атасы шығып, менің анамды басынан ұрып үлгерді. Біз арыз жазып отырғанда оның бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың әйелі екенін естідік», - дейді Әсел Жабықбаева

«Таяқ жедік» деген әйелдер жарақатын растайтын анықтама алған. Әселмен қоса, оның анасы да соққыға жығылыпты.

Олардың айтуынша, көршілерімен еш уақытта төбелеспек түгілі, ұрысып көрмеген. Енді пәтерден шығуға қорқып қалған көрінеді. Олар тергеудің ұзаққа созылып жатқанын айтады.

Ал полиция спортшының атақ- дәрежесіне қарамастан, тергеу ісі әділ жүріп жатыр деген пікірде. Боксшының жұбайы жаға жыртысқанын жоққа шығармайды. Бірақ өзінің де соққы жегенін айтады.

Ұрыс арызданушы тараптың қеліншектің атасын балағаттаудан басталған. Сондықтан бұлар да қарсы арыз жазыпты.

«Бұл жай тұрмыстағы кикілжің болған. Екеуміз құрдаспыз. Менің түсінігімше, олар Даниярдың есімі арқылы хайп жинамақшы. Мен төбелесу үшін барғаным жоқ. Алғашында ұрысқанымыз рас. Сөзден сөз шығып, ұстастық. Менің атамның жасы 80-де, мен, мысалы, ондай жастағы адамды балағаттауға ұятым жібермес еді», - дейді Данияр Елеусіновтің әйелі Саида.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий